The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалық

Иранда жаңа аятолла таңдалды: Бірақ оның есімі әзірге құпия

Иранның жоғарғы көшбасшысын таңдайтын орган мүшелері кандидат бойынша шешім қабылданғанын мәлімдеді. Алайда оның аты әзірге жарияланбаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иранда жоғарғы көшбасшы қызметіне үміткер анықталғанымен, оның есімі әлі жария етілмеген. Бұл туралы Al Jazeera ирандық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап жазды.

Сарапшылар кеңесі мүшелерінің басым бөлігі қолдаған ең лайықты кандидат анықталды, – деді Хузестан провинциясынан сайланған орган мүшесі Мохсен Хейдари.

Процеске қатысқан тағы бір тұлға Мохаммед Мехди Мирбагери Fars агенттігі жариялаған видеода «көпшіліктің көзқарасын білдіретін нақты шешімге келдік» деп мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 1,2%-ға қымбаттаған

admin

Түркістан облысының әкімі жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына жауаптыларды сынға алды

admin

«Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы

admin