The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстанның үш дипломаты Ираннан Әзербайжанға эвакуацияланды

Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық корпусының қызметкерлері Әзербайжанға эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Report агенттігінің мәліметінше, «Астара» мемлекеттік шекаралық өткізу бекеті арқылы Қазақстанның үш дипломаты, сондай-ақ Ресейдің сегіз азаматы эвакуацияланған.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан арқылы Германия мен Испанияның дипломатиялық өкілдіктерінің 19 қызметкері эвакуацияланған болатын.

Еске салайық, бұған дейін бір түннің ішінде Таяу Шығыс елдерінен шамамен 1800 қазақстандықтың шығарылғаны хабарланған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Ерекше қажеттілігі бар 5390 азаматқа жеке бағдарлама дайындалған

admin

Кино және анимациялық туындыларды шығару – еліміздің тарихын танытып, көрнекті жерлерін насихаттау

admin

Астанада этникалық сән апталығы өтті

admin