The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қазақстандықтарға қосымша үш күн демалыс беріледі

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов азаматтардың медициналық скринингтен өтуіне қатысты қолданыстағы тетіктердің толық іске аспай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі заңнамада скринингтен өту үшін қызметкерлерге 3 күнге дейін арнайы демалыс алу мүмкіндігі қарастырылған. Алайда бұл құқық іс жүзінде кеңінен қолданылмай отыр.

Депутат көптеген азамат мұндай мүмкіндік бар екенін де, скринингтен өту мерзімдері туралы да хабарсыз екенін атап өтті. Соның салдарынан халықтың едәуір бөлігі, әсіресе онкологиялық тексерулерден өтпейді.

Осы мәселелерді ескере отырып, Мәжіліс депутаты Еңбек кодексіне бірқатар түзетулер ұсынғанын жеткізді. Атап айтқанда, жұмыс берушілер қызметкерлердің скринингтен өтуіне жағдай жасауға міндеттелуі тиіс.

Кадр қызметтері бұл процесті жүйелі түрде ұйымдастырып, қызметкерлерге қажетті қолдау көрсетуі қажет, — деді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, депутат Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі скринингтен өтетін азаматтардың тізімін кадрлық ақпараттық жүйелермен біріктіруді ұсынды. Бұл арқылы азаматтарға eGov порталы немесе SMS арқылы автоматты хабарламалар жіберу мүмкіндігі қарастырылмақ.

Аймағамбетовтің пікірінше, бұл шаралар халықтың профилактикалық тексерулерге қатысу деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Жыл соңына дейін 60 несиелік тұрғын үй пайдалануға беріледі

admin

ТҮРКІСТАН: Жетісайда заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды

admin

Түркістан: жарнама тақтайшалары талапқа сай еместігі анықталған

admin