ШЫМКЕНТ: Сел қаупінінің алдын алатын мониторинг жүргізу жүйелері орнатылды

0

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы М.Жақсыбаев сел қаупінінің алдын алатын мониторинг жүргізу жүйелері орнатылғаны туралы айтты.

«Сіздің қолдауыңызбен «2020-2021 жылғы цифрландыруды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту» Жол картасының аясында қала аумағында сел қаупінің алдын алу мақсатында тәулік бойы бақылау үшін Бадам өзені, Бадам және Тоғыс су қоймаларында су төгілу мен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу жүйелері яғни, датчиктер орнатылды»-, деді департамент басшысы.

Су айдындарындағы жағдайды одан әрі талдау үшін деректер Департаменттің дағдарыс орталығының жедел басқару пультіне GSM немесе радиоарналар арқылы келіп түседі. Датчик ультрадыбыстық толқындардың көмегімен сәуле таратқыштан су бетіне дейінгі қашықтықты миллиметрге дейінгі дәлдікпен анықтайды.

Жалпы қала аумағында 4 су қоймалары — Бадам (61,5 млн.м3), Тоғыс (4,6 млн.м3), Акжар (0,6млн.м3), Текесу (1 млн.м3) орналасқан. Сонымен қатар қала аумағынан 3 өзен — Бадам, Қошқар-ата, Сайрам-су және 30-дан астам канал ағып өтеді. Қазіргі таңда, су қоймаларының жағдайлары қанағаттандырарлық.

Су тасқынының алдын алу жұмыстары жіті бақылауда болу қажеттігін айтқан қала басшысы өзендерден бастау алатын арналарды тазалауды тапсырды.


ПІКІР ЖАЗУ