The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықБизнесҚоғамСаясат

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

2026 жылдың басынан бері Алматыда шағын және орта бизнес нысандарының атмосфералық ауаға бөлетін зиянды шығарындыларына бақылау күшейтілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері айтты.

Кәуапханалар, монша кешендері, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу орындары, дөңгелек жөндеу орындары мен экологияға әсер етуі мүмкін өзге де нысандар күнделікті бақылауға алынды.

Мамыр айында табиғатты қорғау қызметінің мамандары 287 нысанды тексерген. Бақылау барысында шығарындылар көздері, сүзгі және газ тазарту жүйелерінің болуы, сондай-ақ санитарлық және экологиялық талаптардың сақталуы назарға алынған.

Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындарына ерекше көңіл бөлінген. Тексерілген 160 мекеменің 11-інде сүзгі орнатылған, 7 нысан электрмангал қолданады, ал тағы 3-еуі газ жүйесіне қосылған. Қалған кәсіпорындарда тазарту құрылғыларын орнату жыл соңына дейін жүзеге асырылмақ.

Тексеру жұмыстарымен қатар кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау талаптары мен қоршаған ортаға келетін зиянды азайту жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Бас прокуратура су тасқынына байланыста тергеу жұмыстарын бастады

admin

“109- бірыңғай байланыс орталығы” 200 мыңға жуық өтінім қабылдаған

admin

Түркістан облысы аумағында әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасуда

admin