The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Алматының құрылыс саласында еңбек ететін азаматтар тұрғындарды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға және ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға шақырды.

BI Group құрылысшылары күн сайын адал еңбегімен Алматының дамуына және заманауи баспаналардың салынуына өз үлестерін қосып келеді. Жаңа технологияларды пайдаланып, заманауи талаптарды ұстана отырып, компания мамандары сапалы жұмыс атқарып, ел игілігіне қызмет етуді басты міндеттерінің бірі санайды.

Еңбек адамдары үшін отбасының берекесі, өзара сыйластық, елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың маңызы зор. Олар балаларының дамыған, қуатты әрі болашағы жарқын елде өскенін қалайды.

«Бүгінде еліміз маңызды кезең алдында тұр. Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты шешімдер қабылданатын жауапты сәт. Сондықтан сайлаудан қалыс қалмай, еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасау қажет», – дейді Алматы құрылысшылары.

Олар барлық азаматтарды азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға белсенді қатысуға және елдің болашағына өз үлесін қосуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Баспана кезегіндегі азаматтарға ескерту: Отбасы банк тексеру талап етеді

admin

Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды

admin

Алматыда қураған ағаш электромобильдің үстіне құлады: Шығынды кім төлейді?

admin