Алматыда Құрылтай сайлауында дауыс беру күні сайлау учаскелерінің жанында интерактивті іс-шаралармен қатар мектеп және азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Олар жаңа оқу жылы қарсаңында тұрғындардың сайлау учаскесіне баруын отбасына қажетті заттарды сатып алумен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Жетісу ауданында жәрмеңкелер №148 және №101 гимназиялардың, сондай-ақ Мәдениет үйі мен №177 орта мектептің жанында жұмыс істейді. Мұнда тұрғындар сайлау учаскелеріне жақын жерден қажетті тауар мен азық-түлік сатып ала алады. Алатау ауданында сауда алаңдары №30, №35 және №20 сайлау учаскелерінің жанында ұйымдастырылады.
Наурызбай ауданындағы мектеп жәрмеңкелерінде тұрғындар кеңсе тауарлары мен мектепке қажетті керек-жарақтарды сатып ала алады. Сауда алаңдары №174 мектеп-гимназияның, №538, №577, №649, №684 сайлау учаскелерінің, сондай-ақ №214 мектеп пен №625, №679, №680, №681 және №682 сайлау учаскелерінің жанында жұмыс істейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке сағат 19:00-ге дейін, ал аспаздық өнімдер сататын орындар дауыс беру аяқталғанға дейін жұмыс істейді.
Мектеп жәрмеңкелерін өткізуге Алмалы ауданы да белсенді қатысады. Мұнда сауда алаңдары Арбатта, №147 орта мектептің, Қазақ спорт және туризм академиясының, сондай-ақ «Целинный» заманауи мәдениет орталығының жанында жұмыс істейді. Сонымен қатар ауданда аспаздық жәрмеңкелер ұйымдастырылып, тұрғындар сайлау учаскелерінің жанынан нан-тоқаш өнімдерін, жаңа піскен өнімдерді, алма мен басқа да жемістерді сатып ала алады.
Әуезов ауданында да онға жуық жәрмеңке ұйымдастырылады. Олар білім беру мекемелерінде орналасқан сайлау учаскелерінің жанында өтеді: №5 мектеп-гимназия, №1 мектеп-гимназия, №111 гимназия, №122 жалпы білім беретін мектеп, Қ. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназия, №117 жалпы білім беретін мектеп, №153 мектеп-гимназия, №202 мектеп-гимназия, сондай-ақ Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті мен Алматы технологиялық колледжінде.
Түрксіб ауданында да сайлау учаскелерінің жанында жәрмеңке өтеді. Сейфуллин даңғылы, 13/1 мекенжайындағы №456 сайлау учаскесінің жанында тұрғындар мектепке қажетті керек-жарақтарды, жергілікті өндіріс өнімдері мен нан-тоқаш өнімдерін сатып ала алады. Сүйінбай даңғылы, 207 мекенжайындағы №460 сайлау учаскесінде жергілікті өндіріс өнімдері ұсынылады. Гете көшесі, 261 мекенжайындағы №421 сайлау учаскесінің жанында көкөніс пен жеміс-жидек сатылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Досбол би көшесі, 31 мекенжайындағы №523 және Кассин көшесі, 51 мекенжайындағы №457 сайлау учаскелерінің жанында жергілікті өндіріс және нан-тоқаш өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Осылайша, тұрғындар дауыс бергеннен кейін қаланың аудандарында ұйымдастырылған жәрмеңкеден азық-түлік пен мектепке қажетті керек-жарақтарды сатып ала алады.
