The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте биыл 5 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 81 елдімекеннің 40-ы табиғи газбен толық, 33 елдімекен жартылай қамтылған. Ал 8 елдімекен — Тұран, Көкбұлақ, Ақтас, Батыс, Қайнарбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Айкөл, Сәуле 276 орам елдімекендері газбен қамтуды қажет етеді.

Қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2021 жылдың соңына дейін АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Аталған нысан іске қосылған соң, қаладағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 5 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Оның нәтижесінде, Азат, Асар-2, Достык, Бадам-195 орам және Алтынтөбе елдімекендеріндегі 11 мыңнан астам тұрғынның табиғи газға қолы жетпек.

Жыл соңында қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамту көрсетшісі 93%-ға жетеді.

Шаһарда энергетика саласын дамыту бағытында салынып жатқан 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды. Қазіргі уақытта жұмыстың 99 пайызы аяқталған.

Ұқсас жаңалықтар

Шаһарымызда түрлі нысандар ел игілігіне берілуде

admin

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚИСАЙҒАН СҮЙЕККЕ АЛҒАШ РЕТ ОТА ЖАСАДЫ

admin

Ішінде миллион теңгесі бар әмиянды жоғалтып алды

admin