The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Қоғамдық орындарға 30 Wi-Fi құрылғысы орнатылды

Қоғамдық орындарға 30 Wi-Fi құрылғысы орнатылды — деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қоғамдық орындарға тегін Wi-Fi нүктелерін орнату жоспарланған. Осыған орай 10 қоғамдық орынға 30 тегін Wi-Fi нүктелері орнатылды. Қазір қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Назарбеков-Бәйдібек би көшелерінің қиылысы Нұрсат аллеясы – 2, «Қызғалтақ» субұрқағы — 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллея – 2, Наурыз алаңы – 4, Жерұйық саябағы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 4.

Wi-Fi құрылғыларына қосылу үшін “Aimaq Wi-Fi”-ды таңдаймыз, әрі қарай “Aimaq Wi-Fi” веб-парақшасына өтеміз. Веб-парақшада өз нөміріңізді тіркеп, нөміріңізге түскен смс-кодты енгізесіз.

Сондай-ақ қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан тұрғып алабтарда сапалы интернетпен қамту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда Ақжайық тұрғын алабында 1000-ға жуық үйлер сапалы интернетке қосылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Александр Бублик рекорд орнатты

admin

Аким Алматы поручил продолжить модернизацию Центрального парка отдыха

admin

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету басты назарда

admin