The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ “КІТАП ОҚУДАН ТЫЙЫЛМА” БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Шымкент қаласы тұрғындарының кітап оқуға деген құштарлығын арттыру және заманауи талаптарға сәйкес жұмысы жаңашыл форматқа өзгертілген жергілікті кітапханаларға оқырмандардың қызығушылығын жоғарылату мақсатында ерекше жоба қолға алынды. Жоба аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастауымен бірқатар қызмет көрсету орындарымен оқырмандарға ерекше жеңілдіктер берілуі жайында келісім түзілді.
Алғаш қадам ретінде Шымкент қаласының бірнеше аялдамасында және сауда ойын-сауық орындарында еріктілер тарапынан —— “White card” оқырман билеті таратылды.“White card” ерекше оқырман билеттерінің алғаш сатысы болып табылады. Кітапханада тіркелген азаматтарға оқылған кітап саны және олар бойынша жазылған ой-пікіріне сәйкес “Blue card”, “Silver card”, “Gold card” және “Diamond card” оқырман билеттері ұсынылады. Кітап оқуда белсенділік таныту қарқынына қарай оқырмандарға демеушілер тарапынан берілетін жеңілдік көлемі мен сыйлық саны да артады. Толығырақ ақпарат (@shymkent_culture) және @abay_kitaphana парақшасында жарияланады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазығұрт: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілуде

admin

ШЫМКЕНТ: «Тәуелсіздік сабақтары» іс-шарасына 3000-ға жуық оқушы қатысты

admin

Таяу Шығыстағы жағдай Қазақстанның Иран және Израильмен саудасына қалай әсер етуі мүмкін

admin