ШЫМКЕНТ: «Зертас» фермасы жылына 1000 тоннадан аса сүт өндіреді

0

Шымкент қаласында сүт өндіру бағыты мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында 349 бас сауынды сиырды құрайтын үш тауарлы-сүт фермасы ашылды. Оның ішінде «Зертас» ШҚ сүт фермасын ұлғайтып отыр.

2019 жылы құрылған «Зертас» ШҚ асыл тұқымды сүт бағытындағы фермасын ұлғайтты. Бүгінгі таңда шаруашылықта қосымша қора жай салынып, жалпы ірі қара мал басының саны 128-ден 342-ге жетіп, оның ішінде сүтті бағыттағы сиырлардың саны 161 басты құрап отыр. Мұнда жылына өндірілетін сүттің көлемі 1000 тоннадан асады. Шаруашылықта өндірілген сүт «ФудМастер» ЖШС-нің қайта өңдеу цехына жөнелтіледі.

Жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайтын шаруақожалықта заманауи «Параллель» сауу қондырғысы, сүтті жинауға арналған салқындатқыш танкер секілді инновациялық теxнологиялар және сиырларды тұрақты ұстау, асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймақтары бар. Бұдан бөлек, шаруашылық мал азығын дайындауға арналған арнайы құрылғылармен, ауыл шаруашылылық техникаларымен қамтылған.

Алдағы уақытта бұл шаруақожалық мал басының санын арттыру үшін қосымша қора жай құрылысын жүргізіп, сүт өнімін көбейтуді және халықты табиғи әрі сапалы сүт өнімімен қаматамасыз етуді жоспарлап отыр. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасына сәйкес жыл басынан бері өндірілген сүтке 5 241 300 теңге мемлекеттік қолдау көрсетілді.


ПІКІР ЖАЗУ