The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: 200-ге жуық еріктілер тазалық шарасын өткізді

«Бірлескен жерде береке бар» — дәл осындай атаумен Әл-Фараби ауданында санитарлық-тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары бұл жолы ерекше көңіл-күймен басталды. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев Конституция күніне орай ең белсенді қала еріктілерін алғыс хатпен марапаттады.

Марапаттау рәсімінен соң, Әл-Фараби ауданының қызметкерлері және 200-ге жуық еріктілер 9 топқа бөлініп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аудан әкімі барша тұрғындарды тазалық жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырып, бірлескен жерде береке барын айтты.

Сенбілік барысында Терешкова, Быковский көшелерінің 14 ауласы қоқыстан тазартылды. Ауладағы балаларға арналған ойын элементтері және орындықтар сырланды.Қураған, сынған ағаштар кесіліп, тал түптері әктелді.

Аталған тазалық шарасына 17 арнайы техника жұмылдырылды.

Осылайша сенбілікке жиналған азаматтар тазалау жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарды. Апта сайынғы дәстүрге айналған тазалық шарасы жалғасын табады деді аудан әкімі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Депутат мемлекеттік қызметшілерге жеңілдетілген ипотека енгізуді ұсынды

admin

ЖОЛДАУ: ІТ-мамандарын даярлау – заман талабы

admin

Түркістанда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған азия кубогы өтті

admin