The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛУ ЖАЛҒАСАДЫ

Президент Жолдауында елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар екені айтылды. Вакцина жөнінде түрлі қауесет таратушы азаматтар, өздері адасқанымен қоймай, жұртты адастырып отырғанына назар аударылды.

«Халық денсаулығын сақтауда індетке қарсы вакцина салу жалғасады. Бұл бағытта жүйелі ақпарат жұмыстарын жалғастыруымыз қажет. Қаланың денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындауымыз керек» — деді Шымкент әкімі қала активінің отырысында.

Халықтың жалпы аурушаңдық көрсеткішін нашарлатып алмау үшін жоспарлы скринингтер, стандартты екпелер мерзімдерінде атқарылуы тиіс екендігін айтты. Індетпен күреске тікелей қатыспайтын медицина персоналы жоспарлы жұмыстарын атқарып, профилактикалық шараларға басымдық беруін қамтамасыз ету жөнінде Денсаулық сақтау басқармасына тапсырма берді.

Отандық дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтың үлесін арттыру мақсатында қаладағы медицина өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін зерделеп, кешенді жоспар әзірлеуді қалалық кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасына жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма

admin

ШЫМКЕНТ: Құрылыс нысанының II, III кезеңдері бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс барысы тексерілді

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау аудынанда тәулік бойы рейдтік шаралар жүргізілуде

admin