ШЫМКЕНТ: «Ынтымақ» шағынауданының тұрғындарына Президент Жолдауын насихатталды

0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ынтымақ» шағынауданы №54 мектепте өткен Президент Жолдауын насихаттау бойынша Абай ауданының актив мәжілісіне қатысты.
Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау іс-шарасында зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосты.

Жиында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Шымкент құс» ЖШС бас директоры Әбілқасым Досболов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов, №54 жалпы орта мектептің директоры Уғлан Мамешова да өз ойларын ортаға салды.

Қала әкімі Жолдау маңызды міндеттер жүктегенін, оны іске асыруда жұмыла әрекет ету керек екенін атап өтті.
– Жолдауда айтылған 7 бағытты қала көлемінде жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылданады. Президент экономиканы әртараптандыруды міндеттеді. Осыған байланысты қала экономикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға 7 млрд теңге бағытталып, 2250 бизнес өкіліне қолдау көрсетілетін болады. «Бизнестің жол картасы» бойынша 1 мың жоба қамтылады. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асады, 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Құжатта білім сапасын арттыру жөнінде нақты талаптар қойылып, ұстаздарды қолдау саясаты жалғасатыны айтылды. Шымкент қаласындағы мектептерде 19 мыңнан астам педагог жұмыс істесе, олардың жалақысы 2022 жылы тағы 25 пайызға ұлғаяды. Оқушылардың қосымша біліммен қамтылу көрсеткішін 80 пайызға жеткізу көзделген, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, шаһар басшысы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында Абай ауданында атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Мәселен, биыл ауыз су бойынша 7 елдімекенде құрылыс жұмыстары басталды. Оның ішінде 5 жоба жыл соңына дейін аяқталады. «Құрсай» шағынауданындағы ауыз су жүйесі 2022 жылы пайдалануға беріледі. «Самал-1», «Самал-2» шағынаудандарында кәріз жүйесі құрылысы жүргізілуде.
Электр қуатының сапасын арттыру бойынша 5 нысанның құрылысы басталды. Бұл жұмыстар биыл аяқталады.


ПІКІР ЖАЗУ