The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАЙЫҚ!

Шымкентте 6 қыркүйекте КВИ-дің 106 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 98, белгілері жоқ – 8). 79 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 27 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 500 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1366 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1134 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 446 төсек орын бар, 214 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде 5047 адам вакцина алды
(I компонент-2697, II компонент-2350). Егу науқаны басталғалы барлығы 443 305 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 375 000 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 352 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Мамандар карантин талаптарын бұзу жайттары әлі де тоқтамай жатқанын айтуда. Атап айтқанда 6 қыркүйек күні 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықтап, әкімшілік хаттамалар толтырған.

Карантин талаптарын бұзу — айыппұл арқалау ғана емес, өзгенің өміріне де немқұрайлы қарау екенін ұмытпайық!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 90 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

admin

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

admin

Вьетнамдық инвестор Түркістан облысымен әріптестік орнатуға ниетті

admin