ШЫМКЕНТ: Ұлттық санақтың ІІ кезеңіне дайын

0

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланың ұлттық санаққа дайындығы жөнінде есеп берді.

Халық санағы ел тұрғындарының демографиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайын сипаттайтын нақты статистикалық деректер жинау үшін жасалады. Оның қорытындысы мемлекеттік даму бағдарламаларын әзірлеуге негіз болады.
Ұлттық санақтың 1-30 маусым аралығында өткен І кезеңіне 29 нұсқаушы-бақылаушы және 198 интервьюер тартылып, қаланың барлық шағын аудандары мен тұрғын алаптарын аралап, тұрғын үйлердің, адам тұруы мүмкін ғимараттар мен тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасақтаған.

Биылғы жылғы 1-30 қазан аралығында өтетін санақтың ІІ кезеңіне 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1304 интервьюерлер қамтылмақ. Бұл жұмыстарға жоғары оқу орындарында, колледждерде білім алатын студенттер, нұсқаушы ретінде ниет білдірген мұғалімдер, әдіскерлер, үй және көше басқарушылары, ауыл билері тартылуда. Қала әкімі бұл жұмыстарды ұйымдастырып, өткізуге Шымкент қаласы толық дайын екендігін мәлімдеді.


ПІКІР ЖАЗУ