The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Азия біріншілігі жеңіспен басталды басталды

Үшінші мегаполисте өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандастарымыз үздіктер қатырынан көрінуде.

Кеше Шымкент қаласында нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алды.

Ересектер арасында 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату жаттығуында отандасымыз Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Оның еншісінде – 235.1 ұпай. Екінші орында Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари, үшінші орында таиландтық Ноппадон Сутвирух.

Жастар арасында тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден тағы бір қазақстандық Ярослав Махнев күміс жүлдеге ие болды. Бұл бәсекеде алтын жүлдені өзбекстандық Умидбек Камалбеков, қоланы тағы бір өзбек мергені Мұхаммад Камалов еншіледі. Ал жасөспірім арасында өзбекстандық Илхомбек Обиджонов жеңімпаз атанды.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 1 күміс жүлде иеленді.

Айта кетелік, нысана көздеуден Азия чемпионаты осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Құрлық додасы 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 172 млрд теңгелік халықаралық тау шаңғысы кластері салынады: өңір туризмінің жаңа даму кезеңі басталмақ

admin

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға жағымды жаңалық айтты

admin

Бәйдібек: аудан әкімі шақпақтық тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

admin