The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте ​ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Х.Атажанов №82 К.Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Дәріс барысында оқушылар туындаған сұрақтарына жауап алып, ​ өз ойларын ортаға салды. Тәртіп сақшылары оқушыларды тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) алып жүруіне болмайтыны туралы айтылып, осындай құқық бұзушылықтар заң аясында түрлі жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Және де жоғары сыныптың оқушыларына жол жүру ережелерін жіті түсіндіріп, жолдан қауіпсіз өтуін сұранды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сотрудники «Комек Машинери Казахстан» приняли участие в эко инициативе в рамках акции «Таза Казахстан»

admin

Пәтер сатқаннан кейін салық төлеуге дайын бол: Тұрғын үй сатудағы жаңа ережелер қандай?

admin

2050 жылға қарай Қазақстанда қарттар көбейіп, халық саны 26,5 млн адамға жетеді – БЖЗҚ

admin