The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кәсіпорын: Еліміз бойынша заманауи дизайндағы керамогранит бұйымдары Шымкентте шығады

«ЗЕРДЕ-Керамика» ЖШС — керамогранит бұйымдарын шығаратын, Қазақстан Республикасы аумағында заманауи дизайндағы жалғыз жұмыс істеп тұрған зауыт.

Кәсіпорын өнімдерді «MK-Ceramics» сауда маркасымен шығарады.

Зауыттың негізгі өнімдері — техникалық және жалтыратылған керамикалық гранит. Оны өндіру үшін тек жоғары сапалы отқа төзімді саздар, таза кварц құмы, дала шпаттары және табиғи пигменттер қолданылады.

Зауыт итальяндық «Barbieri & Torozzi» жабдықтарымен жабдықталған. Оның өнім қуаты жылына 2,5 млн. шаршы метрді өндіруге мүмкіндік береді.

2021 жылы зауыт «БЖК-2025» (исламдық қаржыландыру) мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында «Al-Hilal» Ислам банкі» АҚ-нан жылдық 14% -бен айналым қаражатын толықтыруға қаражат алды, оның 8%-ын «Даму» Қоры субсидиялауда, сондай-ақ, кепілзаттың жеткіліксіз бөлігіне Қордың кепілдігі берілді.

Бүгінгі таңда компания өнімдері ТМД елдерінің нарығына жеткізіліп отыр. «ЗЕРДЕ-Керамика» ЖШС-нің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қостанай және т.б. сияқты ірі қалаларда 40-тан астам дилері бар.

Ұқсас жаңалықтар

Алматылық спортшы Алдияр Жарас 14 жасқа дейінгі шахматшылар арасында блиц бойынша әлем чемпионы атанды.

admin

Түркістан облысында қызылшаға қарсы иммундау белсенді жүргізіліп жатыр

admin

Отырарда ДЗЮДОдан жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионат өтті

admin