The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: 60 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды

Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесіне ие болғанына қарамастан, өңірде ауыл шаруашылығы саласы өркендеп дамып келеді. Қаланың шалғай елді-мекендерінде егін шаруашылығымен айналысатын шаруалар көп. Олар бақша дақылдарынан бастап көкөніске дейін егіп нәпақаларын жерден тауып отыр. Мәселен биыл Шымкент қаласында 29,3 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, бүгінгі таңда 28,7 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Оның ішінде дәнді дақыл -12,9 мың га, майлы дақыл-3,8 мың га, мал азықтық дақылдар- 8,9 мың га, көкөніс пен бақша- 3 мың га, картоп – 0,1 мың га жерге егілген.

Нәтижесінде 6 айдың ішінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды. Жыл соңына дейін 85,4 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр

admin

ТҮРКІСТАНДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ МЕН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ КЕЗДЕСТІ

admin

ШЫМКЕНТ: До 2025 года планируется построить 72 школы

admin