The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент : Текесу тұрғын алабында ауыз су құбыры ретке келтіріледі

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Текесу тұрғын алабына барды. Бірнеше күн бұрын текесулықтар ауыз су құбырында ақау туындап, соның салдарынан су  қысымының төмендегенін айтып шағымданған болатын.

Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мамандарымен бірлесе аталған мәселе жан-жақты зерделенді.

Аудан әкімі су ұңғымасы орналасқан жерге барып, жағдаймен толық танысты. Ауыз су мәселесі бойынша жауапты сала мамандарына тапсырма берілді. Бірнеше күнде тұрғындардың мәселесі толық шешімін табады.

Қаладан 22 шақырым қашықтықта орналасқан елдімекенде 140 үй, 700-ге жуық тұрғын бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 73 азамат тұрғын үй сертификатының иегері атанды

admin

Как подготовить автомобиль к зиме, рассказали полицейские казахстанцам

admin

Арыс: мешіт имамдарымен келесі кездесу өтті

admin