The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БИЫЛ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

 

Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту жұмысы ағымдағы жылдың шілде айында басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін 3 мыңға жуық электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 40 % аяқталды.

Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан қарқынды жүруде. Яғни, елдімекенді сапалы электр қуатымен қамту үшін 4 бригадада 20-дан астам коммуналдық қызметкер жұмылдырылған. Құрылыс жұмысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталып, жобаға сәйкес, шағын ауданда орналасқан 2318 тұрғын үй электр қуатымен қамтылады.

Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы ауыз су мәселесі де биыл шешімін таппақ. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 95 % аяқталды. Аталған шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны бір жылда екі есеге жуық артты

admin

Тоқаев әскери атақтар мен шендер беру туралы жарлыққа қол қойды

admin

Лифт пен домофон үшін төлем заңды ма? 2026 жылы тұрғындар не үшін төлеуге міндетті

admin