The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте жыл басынан бері 12,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген

Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету — басты назарда. Шымкент қаласының әкімі бұл бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын айтты.

Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатыр.

«Бүгінде Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд.теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Есепті кезеңде 12,8 млрд.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Салаға бағытталған экспорт көлемі 39 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 10% артық» — деді қала басшысы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Махамбет ауданында қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді

admin

Қазақстан мен Тәжікстан Білім академиялары ынтымақтастық орнатты

admin

Жетісу облысы: биыл Панфилов ауданында 190 мың тонна жүгері алынады деп күтілуде

admin