The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ЖАСАҒАН ИГІ ІСТЕРІНЕ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жастар лигасында» баскетболдан бірінші орын алған М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия-мектебінде болды. Онда сенбілікке қатысып, оқушылармен кездесті.

Бұл мектептің оқушылары да 20 млн теңге болатын жүлде қорына материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана жылжымалы интерактивті панель алған.

Мұрат Әйтенов баскетбол командасының мүшелерімен тілдесіп, олардың спортта көрсеткен жетістіктерін ерекше бағалап, мектепке жасаған игі істеріне ризашылығын білдірді.

Білім мекемесінің жұмысымен танысу барысында қала әкімі актив-панель орнатылған кабинеттерді көрді.

Гимназия еліміздегі ең үздік 100 мектебінің қатарына кірген білім ошағы.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов аралаған тағы бір мектеп Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы. Бұл білім мекемесі қалада алғаш рет ұйымдастырылған «Жастар лигасында» волейболдан бірінші орынды алған.

Білім ордасының оқушылары 20 млн теңге қаржылай сыйлықты мектепке сыйлап, ол қаржыға «Шымкент – қайырымды қала» қоры арқылы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 12 дана жылжымалы интерактивті панель алынды.

Әкім оқушылардың бұл игі ісіне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да спорттық жарыстарда алдыңғы қатардан көрінетіндеріне сенімді екенін жеткізді. Өз кезінде балалар келер жылыда спорттық жарысқа қатысатындарын айтып, білім мен спортта алда болатындарына сөз берді.

Білім мекемесін аралау барысында қала басшысы «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша ұйымдастырылған оқырман бұрышымен және волейбол, баскетбол, футбол мен шахмат үйірмелерінің жұмысымен танысты.

Қазақстандағы балалар спортын дамыту — мемлекеттің басым мақсаттарының бірі екенін айтқан шаһар басшысы соңғы жылдары қалада көптеген ашық стадиондар мен жаттығу кешендері салынып жатқанын тілге тиек етті.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы Студенттер Лигасы – 2025–2026 маусымының басталуы

admin

Шымкент қалалық білім басқармасы алғашқы жартыжылдықты қорытындылады

admin

ШЫМКЕНТ: Т.Нишанбаев 50 оқушыны мектепке қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етті

admin