ТУРИСТІК КРЕАТИВТІ ҚАЛА БЕЙНЕСІ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Конурс жеңімпаздарына номинацияны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов табыстады.
Конкурсқа қала тұрғындарынан медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренды және гастрономия сынды 6 бағыт бойынша 70-тен аса жоба келіп түсті. Комиссия қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталды.
Онда «Шымкент қаласының жаңа қолөнер орталығы мен бұйымдары» жобасын ұсынған Бейсбеков Болатбек «Қаланың үздік қолөнер бренді» номинациясын алса, «Virtual tour Shymkent» жобасымен Байділбаев Ерназар «IT» бағытындағы үздік жоба номинациясын иемденді. Ал, Махмудова Насиба «Shymkent city Complex» жобасымен «Креативті архитектура» бағытындағы үздік жоба номинациясын жеңіп алды.
«Үздік гастрономия» бағытындағы номинацияны Ниязбек Даулет «Фуд-корт темір жолы» жобасымен, үздік деп танылған жұмыстың бірі «Мобильдік ақпараттық орталық» жобасы «Туризм саласындағы креативті қызметтер» номинациясы Сембай Жасұланға берілді. «Қоғамдық хромокей» жобасын ұсынған Сарман Лаура «Медиа» бағытындағы үздік жоба номинациясына ие болды.
Одан өзге, «Next Art Shymkent Virtual Museum App» жобасы — жылдың үздік жыл жаңалығы, «Пиццаны дронмен жекізу» жобасы – үздік бизнес жоба, «Ұлттық қызғалдақ кейіптегі сувенирлер» жобасы – үздік ұлттық жоба, «Шымкент қаласындағы жаңа Этнопарк» жобасы – үздік ғылыми жоба, «Жаңа форматтағы сенсорлы LED-экрандар» орналастыру жобасы – үздік инновациялық жоба, «Металлургтер сарайын» жандандыру жобасы – үздік әлеуметтік жоба номинациялары берілді.
Барлық қатысушыға бағалы сыйлықтар және сертификаттар табысталды.
Іс-шара аясында қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ арасында, сонымен қатар, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Тараз туризм», «OCA TRAVEL» туристік агенттігі арасында екі жақты келісімге қол қойылды.