The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА


Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағындағы Тұран шағынауданын инфрақұрылым жүйелерімен қамту құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Қала әкімі М.Әйтенов тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортаны қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов шағынауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында жиын өткізді.
Жиынға қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков, құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев және мердігер мекеме өкілдері қатысты.

Бүгінде Тұран шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы толық аяқталған. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді суға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, электр қуатымен қамту құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмысы 2022 жылы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған.

Сондай-ақ, Тұран шағынауданында барлығы 13 көшенің құрылысы жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары енгізілген. 2021 жылы №2,6,8,10 – барлығы 4 көшенің жол құрылысы аяқталады. Қалған 9 көше құрылысы (№1,3,4,5,7,9,11,12,13) 2022 жылға өтпелі.
Қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапалы атқарылуын және уақытында аяқтауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

«НИШ-қа түсіремін»: Мұғалім ата-аналардан миллиондап ақша алып, ойынға тіккен

admin

Суд принял решение в пользу жителей жилого массива Промышленного, которые были вынуждены соседствовать с опасным производством

admin

Биыл Түркістан балалар ойнайтын 20 алаңшамен толығады

admin