The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Сарыағашта 65 шақырымнан аса жол жөнделуде

Түркістан облысы Сарыағаш қаласының аумағында бүгінде ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 176,8 шақырымды құрайтын болса, оның ішінде 131,8 шақырымы асфальт жол, 28,5 шақырымы шағал жол, деп хабарлайды infomedia.kz

Биылғы жылы Сарыағаш қаласында 46 көшенің жалпы ұзындығы 65,7 шақырымына жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде бүгінгі таңға 32,4 шақырымына асфальт, 12 шақырымына шағал төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 21,3 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Атап айтқанда бүгінгі таңға Жібек жолы, Қызылорда, Өндіріс, Ортатөбе, Жеңістің 45-жылдығы, Оразалы ата, Т.Оспанов, Ақтөбе, Нұр, Қошқарбаев, Кескен, Д.Нүрпейісова көшелері асфальтталған болса, Телемұнара, Шымкентбаев, Сарайшық, Арал, Бостандық, Тасболтаев, Бегімқұлов, Көктем, Майлықожа (автостанциядан Дүйсебайұлы көшесі қиылысына дейін), Алтынсарин, Әскери қалашық, М.Қалжігітов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.  Ал, Самал-3 мөлтек ауданы аумағындағы 16 көшеге жалпы ұзындығы 12 шақырым шағал төсеу жұмыстары жүргізілген.  Ал жалпы Сарыағаш ауданында ағымдағы жылы жалпы 1,7 млрд теңгеге ішкі жолдарды орта, ағымдағы жөндеу және тас төсеу жұмыстарына қаржы бөлініп, өткен 8 айда жалпы 46 көшенің 71,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ МИ ІСІКТЕРІН ЕМДЕУДЕ МУЛЬТИДИСЦИПЛИНАРЛЫҚ ТӘСІЛ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

admin

Түркістан: «Экобазардағы» жәрмеңкеде азық-түлік арзан бағада сатылып жатыр

admin

Жыл басынан бері 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin