The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Жыл басынан бері 200 мыңнан астам жүргізуші жылдамдықты арттырған

Түркістан облыс полицейлері 2021 жылдың 9 айында жол-көлік оқиғаларының саны 21,6 пайызға төмендеген. Ал жарақат алғандардың саны 26,9 пайызға азайған, деп хабарлайды kz.otyrar.kz 

Жалпы жол қозғалысы ережесін сақтамаған 480 000-нан астам жүргізушіге қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал мас халде көлік басқарудың 770 дерегі анықталған. Бұл туралы ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов мәлімдеді. Ол жол-көлік оқиғаларының көп кездесетін себептері, жылдамдықты арттыру, жолдың қарсы бағытына шығу, маневр жасау ережелерін бұзу, көлік басқарып келе жатып қалғып кету, ішімдік ішіп рульге отыру. Мысалы, қозғалыс жылдамдығын шектен тыс арттыру, бұл бойынша жыл басынан бері 221070 жайт анықталғанын айтты. Және қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 606, көлікте отырып ұялы телефон қолдану бойынша 5181, жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 32593 құқық бұзушылық тіркелгенін жеткізді.

Жанерке Хумар 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда бір күнде 2684 адамнан коронавирус анықталды

admin

Жаңа мектеп. Жаңа маусым. Жаңа леп

admin

Түркістан: мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеп келген

admin