Шымкенттік Түркістан облысы тұрғынының көлігін заңсыз айдап кетті

0

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның автокөлігін заңсыз айдап кеткен шымкенттікті анықтады, – деп хабарлайды polisia.kz 

Ордабасы ауданы ПБ-ға Шымкент қаласының тұрғыны арызданып келген. Онда жәбірленуші азаматтың айтуынша, тойханалардың бірінің алдынан “Опель Вектра” маркалы автокөлігін белгісіз біреу айдап кеткенін көрсеткен. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Түркістан облысының полицейлері бұл іс бойынша жедел іздестіру шараларын бастап кетті. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні бір тәулікке жетпей Шымкент қаласынан ұстады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай күдікті азамат Шымкент қаласынан отбасылық жағдайына байланысты Ордабасы ауданына келген. Тойхана алдынан таксиден түсіп, межелі жеріне жетіп алуды көздеген ол, автокөлікті көрген. Содан соң оның есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, заңсыз айдап кеткен. Осылайша көздеген жеріне жете алмай көліктің жанар жағармайы таусылып, 6-7 шақырым алысқа тастап кеткен. Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне сақ болуды және көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше автокөліктерді күзетілетін тұраққа қойып, күзет дабылымен жабдықтау қажет. Автокөлік ұрланған жағдайда тез арада полицияға “102” нөмірі арқылы хабарласыңыз.

 



ПІКІР ЖАЗУ