The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

Экологтар жаһандық жылынуды қалай тоқтатпақ

Елімізде 2 млрд түп ағаш егу қажет. Президент осындай тапсырма берген болатын, деп хабарлайды  24.kz

Экологтардың айтуынша, ағаш отырғызу жаһандық жылыну процесін тоқтатуға септігін тигізеді. Қазір әр өңірде тал-терек отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар қай аймаққа қандай ағаш отырғызуға болатынын анықтап, зерттеу жасады. Осы ретте, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында сексеуіл ағашы отырғызылып жатыр. Сәкен Ділдахмет, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының сарапшысы: – Енді 2 миллиард ағаш егіп, Қазақстанның көмкерілген орман аумағын 5%-ке жеткізу мақсат. Бұл елімізге өте қажет. Себебі елдегі 100% аумақты алатын болсақ, небәрі 4,8 проценті ғана орманды алқапты алып отыр. Осындай аумағы бар ел үшін бұл аз. Елімізді жасыл желекке айналдырсақ, экологияның жақсаруына пайдалы болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 700-ден астам мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетеді

admin

Алматы тұрғындары ақылы автотұрақтарды алып тастауды талап етуде

admin

«Реал Мадрид» Алматыға жұлдызды құрам әкеле ме? Сарапшы болжам жасады

admin