The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратДенсаулық

Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім 4,1 есе азайды — министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейінгі екі айда COVID-19-дан болған өлім-жітім 4,1 есе азайды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Үкімет отырысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды  inform.kz 

«Бүгінде елімізде «жасыл» аймақта 9 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. Қазақстан Республикасы және 4 өңір – «сары» аймақта (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары). «Қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр», — деді бірінші вице-министр. Оның айтуынша, елдегі COVID-19 вирусымен сырқаттанудың репродуктивтік саны – 0,93. «Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе – аптасына 33 346 жағдайдан 11 709 жағдайға дейін азайды. Ал өлім 4,1 есе – аптасына 761 жағдайдан 184 жағдайға дейін кеміді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді», — деді Марат Шоранов.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Түркістан облысында «Ауыл- Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде 249 жобаны іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, басым бөлігінде жұмыс жүріп жатыр

admin

Сайрамда этнос жастары қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті

admin

Ордабасы аудан жастары Арыс өзені жағалауын қоқыстан тазартты

admin