The Dala Times ақпараттық сайты
Денсаулық

Қазақстанда бірінші тоқсанда қанша оқушы коронавирус жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мектеп оқушылары арасында қанша бала індетке шалдыққанын айтты, деп хабарлайды  sputnik.kz

Оның сөзінше мектепке барып оқитын балалар арасында 15 028 оқушы ауырып қалған. 159 420 оқушы науқастармен байланысты болғаны анықталды, олардың ішінде 1 317 бала вирус жұқтырған. Бұл ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7%-ін құрайды. «Қазан айының соңғы екі аптасында оқушылар арасында сырқаттану 1,3 есе төмендеді», — деді Шоранов үкімет отырысында. Бірақ, айтуынша, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау және Түркістан облыстарында оқушылар арасында аурушаңдық 1,4 есеге дейін өскен.

Ұқсас жаңалықтар

COVID емес: Нипах пандемиясы бастала ма?

admin

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2654-ке дейін өсті

admin

Енді қазақстандықтар онкоскринингтен тегін өте алады

admin