The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Мемлекет басшысы үш ардагерге «Халық қаһарманы» атағын берді

Үш ардагерге Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі берілді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін оларға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Халық қаһарманы» атағы мен айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз және «Отан» ордені берілді, деп хабарлайды

Экспресс К  Ақордаға сілтеме жасап.

— 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Насырханұлы Әбдібековке (марқұм);

Төлеуғали Насырханұлы Әбдібеков
Төлеуғали Насырханұлы Әбдібеков

— 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Александр Александрович Несмияновке (марқұм);

Александр Александрович Несмиянов
Александр Александрович Несмиянов

— 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Ыбырайым Сүлейменовке (марқұм) тапсырылды.

Ыбырайым Сүлейменов
Ыбырайым Сүлейменов

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: жекеменшік мектептердегі мәселе талқыланды

admin

1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама қосылады. Шарттары қандай

admin

ТҮРКІСТАН: Отырар ауданын дамыту тұжырымдамасы қаралды

admin