The Dala Times ақпараттық сайты
Білім

Өркендеп жатқан мәдениет

Түркістан қаласында құрылыспен қатар мәдениет саласына да үлкен көңіл бөлініп жатыр. Түркістанды түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру жолында театрдың маңызы зор. Өткен жылы ел игілігіне пайдалануға берілген музыкалық драма театрында осыған дейін бірқатар қойылымдардың премьерасы өтіп те үлгерді. Спектакльдерді тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен өнер және мәдениет майталмандары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының өнерсүйер қауымы келуде.
Жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасын тамашаладық. Қорқыт ата – түркі халықтарының ортақ рухани абызы, ойшыл, жырау, қобызшы. Әлемді қобыз үнімен әлдилеген тарихи тұлға.
Рөлдерді сомдағандар — елімізге танымал театр майталмандары. Жақсы әсер алдық. Ойландық. Өнер ұжымына шығармашылық табыс тілеймін!

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: №120 МЕКТЕП

admin

Сарыағаш: зерттеу жобаларымен республиканы бағындырған жас ғалым

admin

Бала ақынның жүз тақырыпты қамтыған жаңа жыр жинағы жарық көрді

admin