The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

«AMANAT»-тық депутаттың ықпалымен елді мекенге ауыз су келді

Жыл басында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің бір топ тұрғындары аудандық партия филиалына және Түркістан облысық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Жомарт Әбдібаевқа ауыз мәселесін көтеріп, жүгінген болатын. Көп ұзамай мәселе оң шешімін тапты. Депутат жеке қаражаты есебінен елді мекенге қарасты Е.Бекмурзаев және А.Иманов көшелеріне Р-1 каналының тармағымен техникалық, күнделікті тұрмысқа қажетті су тарту жұмыстарын бастаған еді.

Нәтижесінде жалпы ұзындығы 6 шақырымды құрайтын су құбыры жүргізіліп, 60-қа жуық тұрғын үйге ауыз су берілді. Қысы-жазы су тапшылығын көріп, қуанышқа бөленген азаматтар депутатқа ризашылығын жеткізген видеоүндеу де жолдаған. Ж.Әбдібаев күні бүгінге дейін инфрақұрылымдық және әлеуметтік көмек түрлері, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, қолдау білдіріп келеді.

Ақпарат көзі: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Өнім көлемін арттыруда жаңа технологияны пайдаланудың маңызы зор

admin

Шымкенттің зообағына — 41 жыл!

admin

Қазақстанда жыл сайын 30 мың адам кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болады

admin