The Dala Times ақпараттық сайты
ҚоғамСаясат

Конституция- ең жоғарғы заңдық күші бар маңызды құжат

5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумға шығарылатын мәселе – Конституция нормаларына енгізілетін өзгерістер. Қазақстандықтар Жаңа Қазақстанның Негізгі Заңын өздері қабылдау арқылы мемлекеттің қоғамдық-саяси жүйесінің түпкілікті өзгеріп, билік пен азаматтар арасында жаңа, ашық, демократиялы қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйе түрлі көзқарастағы азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады.
Сондай-ақ, аудандар мен қалалардағы сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшіріледі. Бұл жұрт алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Осылайша, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді.

Жадигерова Айжамал Хайруллақызы,
Заң ғылымдарының магистры, адвокат.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды

admin

Шымкент: «Қамқорлық» орталығында 100 бала оңалту шараларынан өтуде

admin

Кетаулық соғыс ардагері өз таңдауымен бөлісті

admin