Жалпыхалықтық референдум – Жаңа Қазақстанның негізі болады
Жалпыхалықтық референдумда Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау қажеттілігі туындап тұр. Олардың ішінде бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшей¬тіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру және басқа да біршама өзгерістер бар. Егер реформалардың бүкіл пакетіне мұқият, ең бастысы, бейтарап қараған сәтте, өзгерістер ауқымының бұрын-соңды болмағанын көруге болады.
Біріншіден, Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформалардың міндетін нақты белгілеп – билік институттары арасында түбегейлі жаңа конституциялық тепе-теңдік қалыптастыру екенін нақты атап өтті. Қазір суперпрезиденттік биліктің уақыты өтті, қазір еліміздегі ахуал мүлдем басқа. Тұтастай алғанда, бұл оның елдегі барлық қоғамдық процестерді демонополиясыздандыру жөніндегі ағымдағы саясатының қисынына сәйкес келеді.
Ең бастысы — ешкімде артықшылық болмауы керек. Бұл тек экономикаға ғана емес, саясатқа да, оның ішінде Президенттің өзіне де қатысты. Бұл туралы Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында кең көлемде айтып өткен болатын.
Президенттің қолында билік өкілеттіктерінің шоғырлануы тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде, алғашқы нарықтық реформаларды жедел жүзеге асыру, мемлекеттік шекараны ресімдеу және т.б. кезде қажет болды. Ал, бүгінгі таңда ел алдында тұрған міндеттердің сипаты түбегейлі өзгерді. Бұрынғыша барлық жауапкершілік пен шешімдер тек бір орталыққа бағытталған модель енді жұмыс істемейді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымы едәуір күрделене түсті. Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішінде қоғамның талабына сәйкес тың өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Ең бастысы — саяси жүйе де осы өзгерістерге сәйкес келуі тиіс. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы жүйені «өзі үшін» емес, керісінше қазіргі заманның ақиқатына бейімдеп, оның ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттыра отырып құрастыруда.
ТӘЖІБАЕВ БЕЙСЕН ДӘУЛЕТҰЛЫ
Ақпарат көзі: «AMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалының
Атқарушы хатшысы,
облыстық штаб төрағасы