The Dala Times ақпараттық сайты
Саясат

Түркістандық дауыс берушілердің саны артуда

 

Бүгін жалпыхалықтық референдумға дауыс беру басталды. Түркістан облысында 1,1 млн сайлаушы бар. Аймақтағы 914 сайлау учаскесі таңғы 7-ден бастап ашылып, жұмысына кірісті. Әр сайлау учаскесінде 2 партия мүшесі талабымен 1814 “аманаттық” бақылаушы ахуалды назарда ұстап, баяндауда.

Ата Заңдағы түзетулерді енгізуге халыққа ерік берілді. Әу бастан реформаларды қолдадым. Жиі бөлісіп, позициямды да білдіріп жүрдім. Бүгін міне тарихи сәттің куәсі болып, елдің дамуы мен болашағы үшін Түркістан қаласындағы №133 референдум учаскесіне барып, дауыс бердім. Облыстық партия филиалының да ұжымы бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасады.

Жалпы облыста таңнан бері науқан қызу жүріп жатыр. Мыңдаған азаматтар дауыс беруде. Олардың арасында ғасыр жасаған ардагерлерімізден бастап, 18 жастан асқан жастар да бар. Науқан кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Тұрғындар жауапкершілікті ұғынып, референдумды қолдайды деген үміт мол.

Бейсен Тәжібаев,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы

#Референдум2022 #ReferendumAMANAT

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Таяу Шығыстағы жеті елге сәлемдемелер жіберуді уақытша тоқтатты

admin

Жаңартылған Конституция

admin

Ресейдегі бензин дағдарысы Қазақстанға әсер ете ме?

admin