Түркістанда «Open Turkistan Youth» жастар форумы өтті

0

Түркістан облыс орталығы болғалы алғаш рет халықаралық жастар форумы өтті.  Еліміздің 6 облысынан келген қонақтар өзбекстандық белсенділермен бас қосты. Жиында жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланып,ортаға салынды. Жалпы бұл форум жастарға не бермек? Жиынға қатысып қайтқан Нұрлан Сұлтанбек баяндайды

«Open Turkistan Youth». Дәл осындай атаумен Түркістанда өткен форумда 300-ден астам жас бас қосты. Олар  Қызылорда, Шымкент, Жамбыл мен Алматы, Ақмола облыстарынан келген. Ала шапанды бауырлас елдің үздік деген жастары да арнайы қатысты. Басты мақсат мәселелерді ашық айтып, оның шешу жолдарын қарастыру дейді ұйымдастырушылар

ЕРАСЫЛ ТӨЛЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

— Осы форум мақсаты- жастар өздері мәселе қозғап, өздері шешу жолдарына қалай анықтау керектігін көрсетеміз. Тек қана мемлекет, ата-ана, бизнесті өздері шешпеу керек. Cоның бәрін көмектессек деген секілді форум мақсаты осы. 

Айта кетерлігі, облыстық жастар ресурстық орталығы жаңа ғимратқа көшті. Түркістандағы амфитеатрға орналасқан олар, алқашқы іс шарасын халықаралық форумнан бастады.

Жалпы форум білім, этноаралық қатынас,экология сынды  6 бағытта жүргізілді. Бұдан бөлек, қаржылық сауаттылық пен еңбек идеологиясы да сөз болды. Карантиндік шектеуден кейін республикадағы жастар сағына қауышып, әріптестерімен өзара тәжірибе алмасты. Солардың бірі Жамбылдан келген меймандар.

АРАЙЛЫМ АБДУӘЛИЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— Осы форумға қатысып келіп жатқан өзге де облыстағы әріптестерімізге тәжірибе алмасамыз деген ойдамын. Және де бүгінгі секциялық беріліп отырған тапсырмалар да өзімізге керекті ақпараттарды аламыз деген ойдамын 

Бас қосудың соңы байқауға ұласты.  Өзекті мәселелерді ашып айтып 1 минуттық ролик әзірлегендер өзара бақ сынасты. Сарапшылар жастар арасындағы проблеманы айшықты етіп көрсеткен қатысушыларға  бағалы сыйлықтар үлестірді.

 

КілтсөздерЖастарҚоғам


ПІКІР ЖАЗУ