Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзартылды

0

Қорғаушы тарап экс-министрдің «шығармашылық адам екенін, қоғамға қауіпті еместігін және айғақтарды жоймайтынын» алға тартып, қамауда ұстау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Алайда судья прокурордың өтінішін қанағаттандыруды жөн көрді. «Сотқа іс материалдарымен танысу үшін жеткілікті уақыт берілді. Сіздің әрекетіңіз 28-баптың 3-бөлігіне (қылмыстағы ұйымдастырушы рөлі — ред.) және Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағына (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе жымқыру – ред.) сәйкес келеді, сондай-ақ сіздің лауазымыңыз бен қызметіңізді ескерсек, бұл ауыр қылмыс санатына жатады. Осы жайттарға байланысты қамау мерзімін ұзарту туралы шешім шығарылып отыр. Күдіктінің тергеуден жасырынып қалуы мүмкін екенін әрі қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот санкцияны үш айға дейін, яғни 26 тамыз сағат 18.00-ге дейін ұзарту қажет деген қорытындыға келді. Шешімге үш күн ішінде шағымдануға болады», — деді судья Георгий Моисеев. Еске салайық, 16 мамырда Антикор Қазақстан Ұлттық музейінің басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы келісім бойынша 146 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



ПІКІР ЖАЗУ