The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықДенсаулық

Түркістан облысында 200-ден астам дәрігер жетіспейді

 Түркістан облысына 200-ден астам дәрігер керек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Түркістанға келген сапарында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Әсіресе, өңірде кардиолог, невропатолог, реаниматолог, онколог, окулист, инфекционист секілді кадрлар тапшы. Бұл мәселені шешу мақсатында еліміздің жоғары оқу орындарын бітірген жастар жұмысқа шақыртылмақ.

 Мәселен, өткен жылы еліміздің өңірлеріне медициналық жоғары оқу орындарының 3000-ға жуық түлегі жіберілген.

 Оның ішінде Түркістан облысына 180 қызметкер келген. Ал, ағымдағы жылы 170 түлекті жіберу жоспарланып отыр. Ауылға жұмысқа келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылады.

 Өткен жылы 225 маман көтерме жәрдемақы алса, 183 маман тұрғын үймен, 92 маман басқа да әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген.

 Ал, Түркістан облысында 25 маман көтерме жәрдемақығы ие болған.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып, қақ айырылды

admin

Атырауда көкөніспен қамтамасыз етіп отырған қожалықтар тасқыннан зардап шеккен жоқ

admin

Шымкентте газдан уланған 4 адамның біреуі көз жұмды, үшеуі ауруханада жатыр

admin