Қазақстан мен Сауд Арабиясы тауар айналымын едәуір арттыруға келісті

0

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сауд Арабия ханзадасы Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд екі ел арасында тауар айналымын едәуір арттыруды жоспарлап отырғанын растады. Бұл жөнінде Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлады.

 Келіссөз жексенбіге қараған түні Сауд Арабия батысындағы Джидда қаласында өткен. Ол жаққа Тоқаев Сауд Арабия ханзадасы Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен сенбі күні ресми сапармен барған.

 Ақорданың хабарлауынша, келіссөз барысында Қазақстан басшысы мен Сауд Арабия ханзадасы сауда-экономика және инвестиция бойынша әріптестік мәселелерін талқылаған. Тоқаев «Қазақстан сауд инвесторлары үшін өзара мүддені көздейтін түрлі перспективті салалар бойынша ерекше шарттар мен кең көлемде артықшылықтар ұсынуға дайын» деп мәлімдеді.

 «Тараптар өзара тауар айналымын едәуір арттыруға ниетті екенін және жуық арада екі ел үкіметтерінің бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыратынын нақтылады» деп жазылған Ақорданың жексенбі күні хабарламасында.

 Ақпаратқа қарағанда, Мұхаммед бен Салман сауд компанияларының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғанын да жеткізген. Оның айтуынша, бұл ғаламдық азық-түлік дағдарысы жағдайында ерекше маңызға ие.

 Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде тақ мұрагерін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған.

КілтсөздерәлемБілімКәсіп


ПІКІР ЖАЗУ