The Dala Times ақпараттық сайты
ӘлемБасты жаңалықСпорт

Түркістан: әлемді мойындатқан Шардараның 2 спортшысына пәтер сыйға тартылды

  Жуырда Түркия елінің Ыстамбул қаласында өткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысында Еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының қырандары – Онғарбаев Қыдырғали мен Сарыбай Ердәулет елге жеңіспен оралған болатын. Жеңімпаз спортшыларды жерлестері құрметпен қарсы алып, арнайы іс-шара ұйымдастырды.

  «Елдің атын ер шығарады, ердің атын ел шығарады» демекші, іс-шара даңқты бапкер, чемпиондардың ұстазы Қарсыбаев Арман спортшыларды жеңістерімен құттықтап, әрқашан ел намысын абыроймен қорғай берулеріне тілектестік білдірді. Сөз соңында Түркістан облысы гір спорты және армрестлинг федерациясы президенті Қарсыбаев Арман өзінің және «Шардара Армспорт» ұжымы атынан Қыдырғалиға мен Ердәулетке Шардара қаласынан 2 бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстады. Қыдырғали мен Ердәулет өз қуаныштарын жасыра алмай, ұлағатты ұстазына және барша «Шардара Армспорт» ұжымына, Шардара жұртшылығына өз алғыстарын білдірді.

Дереккөз: Түркістан облысының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 25 мыңға жуық бала шығармашылық үйірмелерге тегін барады

admin

Түркістанда «Қазыналы керуен-2024» облыстық іс-шарасы өтті

admin

Түркістан қаласында абаттандыру мен тазалық жұмыстары күшейтіледі

admin