The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ақтау қаласында парапауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтті. Ел чемпионатына республикамыздың барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиадада Түркістан облысының көру қабілеті зақымданған спортшылары командалық есепте 1 орын алды. Атап айтқанда, Мұхтар Қалменов, Зәуре Әйтек, Бағланбек Оналбек, Фахриддин Нарзулла, Ақтолқын Сейілбек, Дилором Дыханова алтыннан алқа тағынды. Нұрдәулет Әділбеков пен Сүйініш Еркінов күміс, Абзал Шакеев қола жүлдегер атанды. 6 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген параспортшылар Түркістанға оралды. Облыс намысын қорғаған спортшыларды Түркістан облысының мүгедектерге арналған “Сауран” спорт клубының ұжымы, туған-туыстары мен жанкүйерлер күтіп алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай күніне арналған танымдық кеш өтті

admin

Алматы тауларында аяғын жарақаттаған шетелдік турист құтқарылды

admin

Сингапур Қазақстанға 1,7 миллиард доллардан астам инвестиция құйды

admin