The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету басты назарда

Түркістан облысында зорлық-зомбылық мәселелерін шешу бойынша 2 дағдарыс орталығы, мүгедектігі бар азаматтарға арналған 7 «Тең қоғам» орталығы, зейнеткерлер мен егде жастағы азаматтарға арналған 7 белсенді өмір сүру орталығы жұмыс істейді.Сондай-ақ, өңірде 18 жасқа дейінгі 889 872 баланың 7-18 жас аралығындағы 19436-сы ерекше білім беруді қажет етеді. Аталған балаларға білім беретін және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес пен қолдау қызметін көрсететін 31 арнайы білім беру ұйымы және 4 инклюзивті қолдау кабинеті қызмет етеді. 7 арнайы мектеп-интернаттарда 1355 бала, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде 1685 бала оқиды. Бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім ұйымдарының үлесі артуда. Ерекше білім беруді қажет ететін балалары бар орта білім беру ұйымдарының инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім ұйымдарының саны 551 болса, инклюзивті біліммен қамтылған балалар саны – 9297. Сонымен қатар соңғы үш жыл көлемінде облыстағы арнайы білім беру ұйымдарының желісі 6-ға артқан.

Ұқсас жаңалықтар

Бішкек пен Алматыда «ұрланған гаджеттерді сатумен айналысқан» қылмыстық топ ұсталды

admin

Грекия-Қазақстан 5-0: Футболшыларымыз Еуро-2024-ке жолдамадан қағылды

admin

Түркістан: Сайрамда қазақ күресінен «Оңтүстік қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған турнир өтті

admin