Түркістан облысының эклогиялық ахуалын жақсарту мақсатында 1,1 млн көшет отырғызылады
Түркістан облысының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 5 жыл көлемінде 1000 га. жерге 1,1 млн. ағаш көшеттерін отырғызылады. Биыл 196 га. жерге 166,3 мың дана ағаш көшеттері егілді. “Қазгидромет” мекемесінің мәліметіне сәйкес Түркістан облысы мен облыс орталығы – Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Бұл – 4 жылда жасалған ауқымды жұмыстың нәтижесі. Көгалдандыру, газдандыру, күннен қуат алатын электр станцияларының көбеюі мен өңірдегі орман алқабының артуы нәтижесінде Түркістан облысында жалпы экологиялық ахуалдың жақсарғаны ғылыми түрде дәлелденді. Өңірде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат» және «Экология болашағы» секілді 4 бағытта жұмыстар атқарылуда. Облыста 831 елді мекеннің 55%-ға жуығы табиғи газбен қамтамасыз етілсе, жыл соңымен 9 нысанның құрылысы аяқталып, 467 елді мекенге табиғи газ қосу жоспарлануда.