The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Бокстан Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

Түркістан қаласында Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир басталды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған сайысқа 12-13 жас аралығындағы 120 спортшы қатысуда.
Сейілхан Саттарханұлы – «Түркістан қаласының Құрметті азаматы», өнегелі өмірін шаһар дамуына арнаған жан. Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі. Әрі жастар арасындағы бокстың дамуында елеулі еңбек еткен азамат.
Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы: «Сейілхан ағамыздың өнегелі өмірінде жасаған игі істері көпке үлгі-өнеге. Бүгінгі шараның мақсаты да жастар арасындағы спортты дамыту. Осындай арда азаматтардың атқарған абыройлы істерінен үлгі көрсету», деді. Сонымен қатар Сейілхан Саттарханұлының жұбайы Сырлыкүл апа сөз сөйлеп, қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Жиын барысында орталықтың спорт саласында елеулі еңбек еткен азаматтар мен түрлі сала өкілдері сөз алып, ізгі тілектерін жеткізді. Сейілхан аға туралы естеліктерімен бөлісті.
Айта кетейік, 15 түрлі салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан іс-шараның финалы 1- қазанда өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

admin

Мобильді аударымдар: Банктер салық органдарына қазақстандықтар туралы есеп бере бастайды

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҰЙЫМҒА МҮШЕЛІК ҰСЫНЫЛДЫ

admin