The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

1 қыркүйектен бастап үй жануарлары есепке алынады

Үй жануарларын есепке алу ережелері биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оның негізінде иттер мен мысықтарды міндетті есепке алу көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Экология және табиғи ресрустар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені дербес айқындайды, сондықтан деректер базасының функционалын пысықтау мәселелері бойынша азаматтар жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес жануардың иесі немесе оған жауапты тұлға есепке алу бұйымын (құралын) дербес айқындайды, бұл ретте үй жануарларын есепке алу бұйымдарына (құралдарына) болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар) жатады.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш: ауданда «жайлы мектептің» құрылысы қарқынды жүруде

admin

ТҮРКІСТАН: тұрғын үйді енді жекешелендіруге болады

admin

«Өңір экономикасында оң серпін бар» Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының 2022 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

admin