1 триллион теңге резервте тұр – ҰЭМ түсіндірді

0

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен брифингте республикалық бюджетке енгізілген «жаңа бастамаларға арналған шығындар» бабы туралы егжей-тегжейлі түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бұл бағытқа 1 триллион теңге көлемінде қаражат көзделген.

Бұл қаражат алты мемлекеттік орган арасында – Индустрия, Ауыл шаруашылығы, Сауда, Ұлттық экономика және Спорт және туризм министрліктері арасында бөлінген. Қазір бұл сома Қаржы министрлігінің қарамағында тұр, яғни әзірге бұл – жалпы резерв, – деп атап өтті Әмрин.

Вице-министрдің айтуынша, аталған қаражат нақты жобалар пайда болғаннан кейін ғана бағытталады.

Жобалар іске қосылған кезде осы қаржы бөлінеді. Сол кезде қай министрлік бұл қаражаттың әкімшісі болатыны айқындалады, – деп түсіндірді вице-министр.