The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жуырда Талдықорған қаласында жастар арасында құсбегілік ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты аяқталды.

Әсем табиғат аясында өткен сайыста 70-тен астам құсбегі бас қосты. Жарыста Республиканың әр өңірінен жиналған жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің оқушылары бақ сынасты. Қолдарына қыран бүркіт, қаршыға мен ителгі қондырған спортшылар үш күн бойы сайыстың көркін қыздырды. Ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі додаға Түркістан облысынан 8 спортшы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ, «ителгі салу» сайысынан Салтанат Мусалим бас жүлдені жеңіп алса, Паң Төлемырза «құсбегілік» спорт түрінен қола жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен қатар «қаршыға салу» сайысында Паң Төлемырза күміс жүлдегер атанса, Намазбай Мұхаммед қола жүлдені еншіледі. Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы бас жүлдені иеленді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАРҒА СҰРАНЫС АРТҚАН

admin

Шымкенттік команда орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

admin

Түркістан: отандық жөргектер шығаратын алғашқы зауыт Сайрамда орналасқан

admin